Бұл туралы бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әкімнің айтуынша, өңірдегі үздік білім беру ұйымдарын қолдау мақсатында «Үздік орта білім беру ұйымы» байқауының жеңімпаздарына 68 млн теңге грант бөлінді.
- Бұл қаражат білім ордаларының материалдық-техникалық базасын нығайтып, балалардың оқуы мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасайды, - деді аймақ басшысы.
Бұдан бөлек, биыл мектептерде 40 жаңа пәндік кабинет жабдықталды.
- Бүгінде технология барлық салаға, соның ішінде білім беру бағытына да әсер етуде. Президент Жолдауында цифрландыруды дамытудың және білім беруде жасанды интеллекті пайдаланудың маңызын атап өтті. Облыста бұл бағытта белсенді түрде жүріп жатыр. Біз STEM білім беру, робототехника және техникалық дағдыларды дамытуға көңіл бөлудеміз. Балалар бағдарламалауды меңгеріп, олимпиадалар мен жарыстарға дайындалатын заманауи сыныптар ашылуда, - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Айта кетейік, биыл «Үздік педагог» байқауының облыстық кезеңіне 26 мұғалім қатысып, оның 10-ы республикалық кезеңге жолдама алды. Жыл сайын үздік деп танылған мұғалімдер «Шығыс Қазақстан облысының еңбегі сіңген ұстазы» төсбелгісі мен «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» құрметті атағына ие болуда.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер