ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ШҚО бойынша департаментінің өтініші негізінде Экология департаменті «Мойылды-Байқоңыр» ЖШС-ға қатысты экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру мақсатында жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алтай ауданына қарасты Полянское ауылында сүт-тауарлы ферма құрылысы экологиялық рұқсатсыз жүргізілгені анықталды.
- Құрылыс жұмыстары қоршаған ортаға антропогендік әсермен қатар жүрді: атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарылуы, құрылыс пен тұтыну кезінде пайда болған қалдықтардың түзілуі. Негізгі шығарындылар көзі: жер қазу жұмыстары, құрылыс қоспаларын төгу, дәнекерлеу және газбен кесу жұмыстары, гидрооқшаулау, автокөлік құралдарын пайдалану және сырлау-бояу жұмыстары. Осылайша, «Мойылды-Байқоңыр» ЖШС ферма құрылысын ҚР Экологиялық кодексінің 106, 201, 202, 318 және 319-баптарының талаптарын бұзып, жүзеге асырылған. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал іс материалдары Алтай қаласының әкімшілік сотына жолданды, - делінген ШҚО Экология департаментінің ақпаратында.
Сот экологиялық рұқсат алынғанға дейін кәсіпорын қызметін бір ай мерзімге тоқтату туралы шешім қабылдады.
Пікірлер