A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:45 0

Өскемен тұрғыны темекі тұқылын тастағаны үшін жауапқа тартылды

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қоғамдық орынды ластау ісі бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, 3 қыркүйекте қала тұрғыны Есенберлин даңғылында темекі тұқылын жерге тастаған. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

- Әкімшілік кодекстің тиісті бабы бойынша жаза істің мән-жайына байланысты айыппұл немесе қоғамдық жұмыстарға тартуды қамтиды. Жаза ретінде қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарылды, - делінген ресми ақпаратта. 

Нәтижесінде шаһар тұрғыны 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа міндеттелді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив