Былтыр облыс орталығында мопедтің қатысуымен 40-тан астам жол апаты болып, 51 адам зардап шекті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл дәл осындай 11 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам зардап шекті.
Мотоцикл қатысуымен болатын жол апатынан былтыр 3 адам көз жұмса, биыл мұндай оқиға қайталанбады.
— «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген өзгерістерден кейін тіркелмеген көліктерді басқаруға тыйым салынып, азаматтардан жүргізуші куәлігі талап етілді. Бұл мопедтер мен басқа көліктерді басқаратын кәмелетке толмағандардың санын азайтты. Осы жылы 190 мопед жүргізуші жауапкершілікке тартылды, оның 36-сы тіркелмеген көлікті тізгіндесе, 41-інің жүргізуші куәлігі болмаған, - деді Өскемен қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Еркін Сәттібаев.
Айта кетейік, жыл басынан бері Өскеменде 22 мотоцикл жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 8 адам тіркелмеген көлікті басқарған.
Пікірлер