A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 16:40 0

Өскеменде ер адам артық зейнетақы қаржысын қайтару үшін стоматологиялық клиникамен соттасты

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында ер адамның серіктестікке қарсы ақшаны қайтаруды жүктеу туралы талап-арызы бойынша азаматтық істі қаралды. Ол артық қалған қаражатын қайтаруды талап еткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, ер адамға біржолғы зейнетақы төлемі есебінен ем алу мүмкіндігі берілген. 2021 жылдың сәуірінде ол стоматологиялық клиникамен 2 миллион теңгеге келісімшарт жасасып, қаражат зейнетақы жинағынан аударылған.

Алайда шын мәнінде имплантация және протездеу қызметтері небәрі 415 мың теңгеге көрсетілген. Қалған 1 миллион 585 мың теңге пайдаланылмай, клиника оны «мамандардың жоқтығымен» түсіндірген. Ер адам сотқа дейінгі өтініштер білдірсе де, ақшасы қайтарылмаған.

Нәтижесінде сот клиниканың шарт талаптарын толық орындамағанын анықтап, жауапкерді 1 миллион 585 мың теңгені ер адамның «Отбасы банк» АҚ-дағы арнайы шотына қайтаруға міндеттеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив