A+ A A-

talgatzhan 30 3-10-2025, 10:00 0

ШҚО-да есірткі құралдарын заңсыз жарнамалау бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

Облыс орталығында «Есірткі граффитиі» атауымен есірткі сататын онлайн-дүкендердің жарнамасы мен «қоймашы болып жұмыс істеу» туралы ұсыныстар жазылған жазуларға қарсы акция өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оған қала прокуратурасының, полицияның, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жастар қозғалысының белсенділерінен құралған 100-ге жуық адам қатысты.

Тұрғын үй аулаларын аралау барысында 50-ден астам есірткі граффитилері анықталды. Рейд нәтижесінде «Есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» бойынша 8 қылмыстық ісқозғалды (ҚР ҚК 299-1-бабы).

Осы ретте облыс прокуратурасы тұрғындарды мұқият болуға шақырады. Егер күмәнді жазуларды байқасаңыз, дереу полицияға хабарласу керек. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив