Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында жасанды «ақпараттық толқындардың» жасалу технологиясы талданады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нақтырақ айтқанда, бұл әлеуметтік желілерді лезде қамтып, қоғамда алаңдаушылық тудырып, адамдардың мінез-құлқына ықпал ететін жарияланымдардың күрт артуы жайлы. Мұндай толқындар өздігінен пайда болмайды. Олардың артында тұтас технологиялар тұр - боттар желісі, тапсырыс берілген пікірлер, нысаналы жарнама мен синхронды ақпараттық вбростар. Мақсат – қоғамды алаңдаушылыққа батырып, жаппай наразылықтың жалған иллюзиясын қалыптастыру.
Шығарылымның қазақ тіліндегі нұсқасына сілтеме: https://t.me/AntiFakeCenter/53
Пікірлер