A+ A A-

talgatzhan 30 3-10-2025, 13:35 0

Өскемендегі Абай даңғылындағы аурухана 43 жылдан кейін бірінші рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Бүгін / Өскемен

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығына барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінде мұнда желдету жүйесі, инженерлік желілер және электр жүйесі жаңартылып, урология бөлімшесі мен стационар ғимараты күрделі жөндеуден өтуде. Сондай-ақ «Қазцинк» компаниясының қолдауымен гинекология бөлімі де жөнделіп, қазіргі заман талабына сай жаңғыртылды. 

- Медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында заманауи видеоэндоскопиялық жүйелер мен компьютерлік томограф сияқты озық медициналық құрал-жабдықтар сатып алынып жатыр. Жергілікті бюджет есебінен 50 млн теңге бөлініп, урология, гинекология және травматология бөлімшелері 100 төсек-орынмен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар пациенттерге көрсетілетін қызмет сапасын айтарлықтай жақсартып, дәрігерлердің өз міндеттерін тиімді атқаруына мүмкіндік береді деп сенемін, – деді облыс әкімі.

Нұрымбет Сақтағанов облыстың денсаулық сақтау саласын дамытуға алдағы уақытта да баса назар аудара берілетіндігін атап өтті. 

Айта кетейік, орталықтағы жөндеу жұмыстары келесі жылдың бірінші тоқсанында аяқталуы тиіс.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив