A+ A A-

talgatzhan 31 3-10-2025, 17:00 0

ШҚО-да жыл басынан бері полицияға 500 өтініш түсті

Бүгін / ШҚО

ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, «102» мобильді қосымшасы мен eGov Mobile, Kaspi, Halyk платформаларына енгізілген «Заң мен тәртіп» сервисінің арқасында облыс тұрғындары құқық бұзушылықтар туралы жедел жеткізе алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жыл басынан бері ШҚО ПД Жедел басқару орталығына «102» қосымшасы арқылы 500-ден астам өтініш түсті.

«Қоңырау шалу» батырмасын басқанда кезекші операторға азаматтың орналасқан жері белгілі болады. Ол жағдайды телефон камерасы арқылы бағалап, ең жақын полиция жасағына бағыттай алады.

500 өтініштің ішінде 260-тан астамы Kaspi және өзге де платформалардағы «Заң мен тәртіп» сервисі арқылы тіркелген. Барлық хабарлама заң талаптарына сәйкес қаралып, тиісті шаралар қабылданады.

Осы ретте облыс полициясы тұрғындарды цифрлық мүмкіндіктерді белсенді пайдалануға шақырады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив