A+ A A-

talgatzhan 33 3-10-2025, 22:11 0

Өскеменде ең ірі сауда орталығы ашылды

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласында жаңа Maxi Mall сауда орталығы өз есігін айқара ашты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ашылу салтанаты ғимараттың сыртында өтті. Келгендер қарасы мол. Әуелдк орталыққа кіру кезінде келушілер біраз ыңғайсыздыққа тап келді. Ғимараттың барлық есігі ашылмағандықтан, жұрт тек үш кіреберіс арқылы ғана ішке өтуге мәжбүр болды.
— Тоқтаңыздар, асықпаңыздар! Мұнда балалар бар, итермеңіздер, бәріңіз де кіресіздер. Сабыр сақтап, жүгірмей өтіңіздер, — деді шара жүргізушісі жұртшылық екпінін баспақ болып.

Иә, әзірге Maxi Mall ішіндегі дүкендердің көпшілігі әлі жұмысын бастаған жоқ. Сонда халық көп келіп, жан-жаққа қызыға көз тікті. Айта кетерлігі, орталық ашылған бойда кейбір эскалаторлар істен шықты.

Бұл күні қала тұрғындары кішкентайларын қолдарына алып, отбасыларымен бірге келді. Ішкі залда көңілді музыка ойнап, аниматор-қуыршақтар балаларды қуантты.

Фудкорт жұмыс істеп тұр, бірақ гардероб әзірге жабық. Кинотеатр маңында "Жақында ашылады" деген жазу ілініпті. Дәретханалар жұмыс істеп тұр.

Фото: yk-news.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив