A+ A A-

talgatzhan 31 6-10-2025, 10:00 0

Қазақстанда 35 млн тонна мал азығы дайындалды

Бүгін / Республика

2025–2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 24,7 млн тонна шөп (жоспардың 100,9%-ы), 1,8 млн тонна пішендеме (108,6%), 2,7 млн тонна құрамажем (48,9%), 1,8 млн тонна сабан (88,0%), 3,7 млн тонна сүрлем (79,6%) дайындалды.
Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (125, 2%), Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында (100%), сондай-ақ Жетісу облысында (104,5%) жоспар орындалғаны байқалады.
Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив