Тәртіп сақшылары Глубокое ауданының 22 жастағы тұрғынын есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өсіру күдігі бойынша ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жедел тінту барысында оның үйі мен ауласынан өзіне тән иісі бар өсімдік бұталары, шыны банка мен ішінде кептірілген зат салынған қап, металл табақшалар, ыдыс-аяқ, жасыл өсімдіктер орналасқан кептіргіш машина табылды.
Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттардың марихуана екені анықталды. Оның жалпы салмағы 4 келіден асты. Бұған қоса, ауладан каннабис ретінде таныған өсімдік бұтасы алынды, оның салмағы 1,2 келіден асты.
Аталған факті бойынша күдіктіге қатысты «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың баламаларын өткізу мақсатынсыз заңсыз айналымға салу» және «Есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Пікірлер