A+ A A-

talgatzhan 30 6-10-2025, 16:00 0

ШҚО-да 52,8 шақырым жылу желісі жөнделді

Бүгін / ШҚО

ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, 1 қазаннан бастап өңірде ресми түрде жылу беру маусымы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жылу алдымен Өскемен, Риддер қалалары мен Алтай, Үлкен Нарын, Глубокое, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандарына берілді. Қатонқарағай мен Самарда 3 қазанда, Марқакөлде 4 қазанда қосылды.

Аймақтың әлеуметтік нысандары жылумен қамтылып, жоспарлы қосу жұмыстары техникалық регламенттерге сәйкес жалғасуда. Маусымға дайындық облыстың 190 автономды және 33 орталықтандырылған қазандықтарында толық жүргізілген. Сонымен қатар 52,8 шақырым жылу желісі, 537 шақырым электр желісі, 39 трансформаторлық станция және 55 трансформаторлық пункт жөнделді. Апаттық жағдайларды азайту мақсатында 243 шақырым электр желісі бойындағы ағаштар кесілген.

Риддердегі жылу орталығында да қажетті қуат резерві жасалып, 6 шақырымды құрайтын 23 жылу желісі учаскесі жөнделді.

Технологиялық бұзушылықтар туындаған жағдайда іс-қимыл алгоритмдері әзірленіп, қажетті техника мен материалдармен авариялық бригадалар ұйымдастырылды.

Бюджеттік ұйымдар отынмен толық қамтамасыз етілсе, тұрғындарға 352,1 мың тонна көмір дайындалды. Барлық жылу көзінде отынның нормативтік қоры кемінде 20 күнге (424,4 мың тонна) қалыптастырылған.

Көмір жеткізілімі мен бағасы күн сайын қадағаланып отыр. ҚР Энергетика министрлігі, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ мен «Қаражыра» АҚ отынның уақтылы жеткізілуі қамтамасыз етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив