Қалалық мәслихатта тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) жинау, тасымалдау, сұрыптау және кәдеге жарату бойынша тарифтерді көтеру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Депутаттар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдерімен бірге қоқыс жинайтын кәсіпорындарды аралады.
- Депутаттар жұмысшылардың еңбек жағдайын тексеріп, қызметкерлермен әңгімелесті. Мамандары саны, жалақы, жұмыс кестесі, техниканың жай-күйіне қатысты құжаттамаларды қарады. Анықталғандай, төмен жалақы мен ауыр еңбек жағдайларына байланысты жұмыстан кетіп жатқандар бар. Сонымен қатар тұрғындардың қоқыс шығару бойынша берешегі сақталуда, - делінген ресми ақпаратта.
Анықталған мәселелерді ескере отырып, қалалық мәслихат қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және кәдеге жарату тарифтерін көтеруді қарастыруда. Түпкілікті шешім мәслихат сессиясында қабылданады.
Пікірлер