A+ A A-

talgatzhan 31 7-10-2025, 10:00 0

Қазақстанда 69 сүт фермасы жұмыс істеп тұр

Бүгін / Республика

Елде 47 сүт-тауарлы фермасы іске қосылса, импортқа тәуелділік біршама азаймақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Министр Айдарбек Сапаров Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде аймақ тұрғындары және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.

— Қазіргі уақытта елде 69 сүт-тауарлы фермасы жұмыс істеп тұр, тағы 47 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар іске қосылғаннан кейін сүт өндірісі жылына 600 мың тоннаға артып, импортқа тәуелділік едәуір азаяды, — делінген ақпаратта.

Мал шаруашылығын қолдау мақсатында 50 млрд теңге көлемінде айналым қаражатын жылдық 5% мөлшерлемемен несиелендіру бағдарламасы іске асырылып отыр. Сонымен қатар мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жаңа бағдарлама әзірленіп жатыр, ол кредиттік өнімдер желісін кеңейтуді көздейді.

Өңдеу саласында 2025 жылы 44 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несиелендіру қарастырылған, оның ішінде 62 жобаға 23,9 млрд теңге бөлінді.

Жедел деректерге сәйкес, елде 13,3 млн гектар дәнді дақыл орылып (83%), орташа өнімділік 15,5 ц/га деңгейінде 20,8 млн тонна астық бастырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив