A+ A A-

talgatzhan 43 7-10-2025, 10:15 0

"Алматы – Өскемен" тасжолында аударылған жүк көлігінің жүргізушісі жүрек талмасынан көз жұмды

Бүгін / Өскемен

Сараптама қорытындысында жол апатына жүргізушінің жүрек талмасының ұстауы себеп болғаны көрсетілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 7 қазанда аталған жол көлік оқиғасының "Алматы – Өскемен" тасжолының 731-шақырымында болғанын нақтылады. 

- 5 қазанда Volvo маркалы автокөлігін тізгіндеген 45 жастағы жүргізуші Алматы бағытына қарай келе жатқанда жолдың шетіне шығып кетіп, көлік аударылған. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Сараптама қорытындысына сәйкес, өлім себебі – инфаркт. Бұл қайғылы жағдай ұзақ жол тек кәсіби шеберлікті ғана емес, сонымен қатар физикалық төзімділікті, сабырлылық пен мұқияттылықты талап ететінін еске салады. Басқарусыз қалған ауыр жүк көлігі – жолдағы өзге жүргізушілер үшін үлкен қауіп, – делінген полиция хабарламасында.

Абай облысының тәртіп сақшылары мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында жедел жәрдем қызметімен бірлескен рейдтер өткізеді.

- Бекеттерде жүргізушілерге жолға шығар алдында медициналық тексеруден өту ұсынылады. Бұл тәжірибе шаршау немесе денсаулықтағы өзгерістерді ерте анықтап, ықтимал қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі, – деді полиция өкілдері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив