A+ A A-

talgatzhan 32 7-10-2025, 12:10 0

Көмір бағасының тұрақты болуын бақылау керек — Премьер-министр

Бүгін / Республика

Жылыту маусымында коммуналдық қызметтерді жөндеу бригадалары кез келген жағдайға шұғыл әрекет етуі тиіс. Премьер-министр Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындық шаралары бойынша тапсырмалар берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Бүгінде өңірлердің басым бөлігінде жылу беру маусымы уақытылы басталды. Республиканың оңтүстігінде жылу бекітілген кестеге сәйкес және ауа райына байланысты беріледі. Өңір әкімдеріне жылу беру маусымын тікелей бақылауда алуды тапсырамын, — деді Олжас Бектенов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Премьер-министр жылу көздеріндегі барлық жоспарлы параметрлердің сақталуын, отынның нормативтік қорын қадағалап отыруды тапсырды.

— Резервтік жабдықтардың әзірлігін қамтамасыз етіңіздер. Коммуналдық қызметтерді жөндеу бригадалары кез келген жағдайға шұғыл әрекет етуі тиіс. Сондай-ақ халыққа арналған көмір бағасының тұрақты болуын да бақылауда ұстау қажет, — деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, еліміздің 11 өңірінде жылыту маусымы басталды. 1 қарашаға дейін қалған өңірлерде жылумен жабдықтауды бастау жоспарланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив