A+ A A-

talgatzhan 31 7-10-2025, 14:00 0

Қазақстанда 12 жаңа перзентхана салу жоспарланып отыр

Бүгін / Республика

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Елде туу көрсеткішінің артуына байланысты соңғы жылдары перинаталдық орталықтар салу мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.

– Соңғы бес жылда елімізде туу деңгейінің өсуіне байланысты жаңа перинаталдық орталықтар салу қолға алынды. Қазіргі таңда 12 орталықтың жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Астанада перзентхана құрылысы жүріп жатыр. Ал жыл соңына дейін Шымкент қаласы мен Түркістан облысында да жаңа перинаталдық орталықтардың құрылысы басталады, – деді министр.

Сондай-ақ брифинг барысында түсік жасату мәселесі де қозғалды. Министрдің айтуынша, елде жыл сайын 70 мыңнан астам түсік жасалады. Бұл көрсеткіштің басым бөлігі 25 пен 35 жас аралығындағы, яғни бала туу жасындағы әйелдерге тиесілі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив