Елімізде жыл сайын 600-ге жуық бала онкологиялық ауруға шалдығады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
— Қазіргі уақытта 5 мыңнан астам бала онкологиялық аурулар бойынша есепте тұр. Оның ішінде жыл сайын жаңадан тіркелген онкологиялық аурулармен 500-600 бала екі орталықта ем қабылдайды, — деді департамент директоры БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Елімізде онкологиялық скринингтік зерттеулер тегін. Мұндай тексеріс пациенттің тіркелген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында жүргізіледі.
Сүт безі обырын ерте анықтау үшін:
сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдер;
Жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін:
жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдер;
Колоректальды обырды ерте анықтау үшін:
жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер өте алады.
Жыл басынан бері Ұлттық ғылыми онкология орталығында қан ауруларына шалдыққан 1,4 мыңға жуық пациент ем қабылдады. Осы кезеңде 60 сүйек кемігін трансплантаттау отасы жасалды.
Пікірлер