A+ A A-

talgatzhan 31 7-10-2025, 14:45 0

«Өскемен-1» вокзалы жөнделіп жатыр

Бүгін / Өскемен

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері «Өскемен-1» вокзалын жөндеу жұмыстыры туралы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жазда 1938 жылы салынған ескі ғимарат бұзылып, вокзал қызметі уақытша әкімшілік-тұрмыстық ғимаратқа орналастырылған еді.

Қазір «Өскемен-1» вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Бас мердігер - «УКУ Промтехмонтаж» ЖШС.

Вокзалды қалпына келтіру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартып, қауіпсіздікті арттырып, теміржол инфрақұрылымының пайдаланушылары үшін заманауи, жайлы кеңістік жасауға ықпал етеді. 

Жөндеу жұмыстарының жобасында жолаушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ыңғайлы пандустар, лифт, таңбалары бар ыңғайлы жолақтар қарастырылған. Сондай-ақ вокзалдың бұрынғы келбетін жаңғыртуға күш салынады.

Естеріңізге сала кетейік, жуықта Көлік вице-министрі Талғат Ластаев «Өскемен-1» теміржол вокзалы биыл пайдалануға берілетінін айтқан еді. Дегенмен «ҚТЖ» ҰК» АҚ жобаның аяқталу мерзімі туралы ақпарат бермеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив