Өткен жылмен салыстырғанда облыста инфляцияның өсуі байқалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының 3 қазандағы мәліметіне сүйенсек, инфляцияны өлшейтін аймақтық тұтыну бағаларының индексі қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда 101,0 пайызды құрады.
Аймақта азық-түлік тауарларының қымбаттағаны байқалады. Мәселен, жоғары сортты бидай наны – 0,4%-ға, макарон өнімдері – 2,0%-ға, күріш – 0,5%-ға, жарма – 1,9%-ға, қарақұмық – 2,2%-ға, жүгері – 1,2%-ға, ал тарының бағасы 0,4%-ға өсті.
Азық-түліктен бөлек, ет бағасы да өсті. Мысалы, сиыр еті 2,8 пайызға, жылқы еті 3,4 пайызға, шошқа еті 1,1 пайызға, қой еті 0,3 пайызға, құс еті 1,8 пайызға, шұжық 1,0 пайызға, балық пен теңіз өнімдері 0,7 пайызға қымбаттады.
Пастерленген сүт 1,3%-ға, қаймақ 1,1%-ға, айран және қатты ірімшіктер 1,8%-ға, сүзбе 3,1%-ға, жұмыртқа 7,4%-ға, күнбағыс майы 1,1%-ға, сары май 2,6%-ға, кондитерлік өнімдер 2,8%-ға, алкогольдік өнімдердің құны 05%-ға артты. Дегенмен қанттың бағасы 0,6%-ға төмендеді.
Жеміс-жидек пен көкөністен алма (1,3%-ға), алмұрт (4,5%-ға), қырыққабат (17,8%-ға), пияз (22,8%-ға), қызылша (15,0%-ға), сәбіз (16,2%-ға), картоп (18,4%-ға) бағасы төмендеді.
Бұдан бөлек, киім-кешек пен аяқ киімнің (0,5%-ға), жуғыш және тазалау құралдарының (0,4%-ға), жеке гигиена заттарының (0,6%-ға), дәрі-дәрмектің (2,9%-ға), бензиннің (3,6%-ға), дизель отынының (1,5%-ға) бағасы өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында абаттандырылған тұрғын үйлерді жалдау ақысы 1,3%-ға өсті.
Амбулаториялық қызмет 1,3%-ға, ал білім беру қызметі 5,0%-ға қымбаттады. Керісінше жолаушыларды тасымалдау қызметі 0,3%-ға арзандады.
Пікірлер