Полиция қызметкерлері Шешек тауының аумағында үш қап балықты тасымалдап бара жатқан көлікті тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тексеру барысында балықтың заңды түрде ауланғанын және тасымалдауға рұқсаттың бар екенін растайтын құжаттар болмай шықты.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандырылған ауданаралық сот бұл істі тиісті заң бабына сәйкес қарады.
– Айыпталушының өз кәнісін мойындап, оған 27 524 теңге көлемінде айыппұл салынды. Балық тәркіленіп, мемлекет кірісіне өткізілді, – делінген Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.
Пікірлер