«Учаске» жедел алдын алу шарасы аясында көші-қон қызметкерлері шетелдіктердің тұрғылықты жерлерін және олардың тіркеу ережелерін сақтауын тексеруді күшейтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
1 қыркүйектен бері облыс аумағында көші-қон заңнамасын бұзудың 130-дан астам фактісі анықталды. Сот шешімімен алты шетелдік елден шығарылды. Полиция олардың уәкілетті органдардың тиісті рұқсатынсыз құрылыс жұмыстарымен айналысқанын анықтады.
Заңнамаға сәйкес бұл азаматтарға республика аумағына кіруге бес жыл мерзімге тыйым салынды.
Пікірлер