A+ A A-

talgatzhan 34 7-10-2025, 17:40 0

Марқакөл ауданының кей жерлерінде қар қалыңдығы 15 см-ге жетті

Бүгін / Марқакол

Марқакөл ауданының таулы жерлерінде қар қалыңдап барады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Бүгін қар жабынының қалыңдығы кей жерлерде 10-15 сантиметрді құрап, ауа температурасы –5-12°С аралығында құбылып тұр. 

Жалпы Марқакөлде жыл сайын қыс ызғарлы, қарлы болады. Мұнда Қазақстандағы ең суық жер орналасқан. Орташа тәуліктік температура 0°С-тан төмен болатын кез 203 күнге созылады. 

– Қыста температура кейде –45°С-қа, кейде –53°С-қа дейін төмендейді. Желтоқсаннан ақпанға дейін бірнеше апта бойы температура -35-40°С шамасында болады. Марқакөлге алғашқы қар тамыздың басында жауады. Кей жағдайларда 15-20 сантиметрлік қар тамызда да түсуі мүмкін, бірақ ол тез еріп кетеді. Құрқұм жотасының шыңдарын қыркүйекте ақ қар жабады, - деп хабарлады Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығынан. 

Қар жабыны 110-170 күнге сақталады. Орташа қар қалыңдығы 87 сантиметр шамасында, ал қардың ең көп жиналуы наурыздың бірінші-екінші онкүндігінде тіркеледі. 

Кей жылдары қардың қалыңдығы 150-200 сантиметрге дейін жеткен. Ең көп қар жауған қыс 1996-1997, 1997-1998, 2000-2001 жылдары болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив