«Қазгидромет» РМК 8 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктер бүгін республиканың шығыс өңірлері жауын-шашынды болатынын айтады. Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен бұл аумақтарға жаңбыр жауып, қар түседі.
Антициклон жотасы еліміздің өзге өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады.
Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік шығысында жел күшейеді. Шаңды дауыл тұрып, батыс пен солтүстікте және шығыста түнгі және таңғы уақыттарда тұман болады.
Алматы мен Жетісу облысында 1-6 градус аяз болып, Жамбыл облысының таулы аудандарында 1-3 градус үсік жүреді.
Пікірлер