Жыл басынан бері көлік жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 54 млн астам рет жүріп өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісіBAQ.KZсайтына сілтеме жасап.
"ҚазАвтоЖол"-дың мәліметінше, ең танымал бағыт Алматы-Қонаев учаскесі болды (8,9 млн жол жүру).
Төменде ақылы жолдар бойынша тізім ұсынылған:
1. Алматы – Қонаев (8,9 млн)
2. Шымкент – Өзбекстан шекарасы (6,98 млн)
3. Шымкент – Тараз (4,93 млн)
4. Тараз – Қайнар (4,09 млн)
5. Шымкент – Қызылорда (3,6 млн)
6. Астана – Теміртау (3,4 млн)
7. Қонаев – Талдықорған (3 млн)
8. Астана – Щучинск (2,94 млн)
9. Щучинск – Көкшетау (2,53 млн)
10. Астана – Павлодар (1,94 млн)
11. Алматы – Қорғас (1,82 млн)
12. Қызылорда – Арал (1,34 млн)
13. Қостанай – Денисовка (1,33 млн)
14. Көкшетау – Петропавл (1,31 млн)
15. Тараз қаласының айналма жолы (1,31 млн)
16. Павлодар – Семей – Қалбатау (998 мың)
17. Балқаш – Бурылбайтал (974 мың)
18. Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор) (962 мың)
19. Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) (659 мың)
20. Қостанай – РФ шекарасы (Троицк) (615 мың)
21. Орал – РФ шекарасы (Самара) (609 мың)
22. Шу – Бурылбайтал (492 мың)
23. Орал – РФ шекарасы (Саратов) (435 мың)
24. Қандыағаш – Мақат (385 мың)
25. Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (127 мың)
26. Үшарал-Достық (29 мың).
Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап көлік жүргізушілердің қауіпсіз әрі ыңғайлы жүруіне кедергі келтіретін ақаулары бар учаскелер үшін ақы алынбайды.
Бұған дейін "ҚазАвтоЖол" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев хабарлағандай, 2024 жылы Қазақстанда ақылы жолдардан 48 млрд теңге жиналған.
2025 жылы компания бұл соманы екі есеге ұлғайтып, 100 миллиард теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр.
Өндіріледі деп жоспарланған 100 млрд теңге:
Операциялық шығындарға шамамен 60 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұл жолдарды тазалау, шұңқырларды жөндеу, техникалық қызмет көрсету, жарықтандыру және жол белгілерін ауыстыру;
Табыстың 30 пайызы (шамамен 30 миллиард теңге) капиталдандыруға, бірінші кезекте мамандандырылған жол техникасын сатып алуға жұмсалады.
Пікірлер