Ол Серікбаев көшесінің тұсынан басталып, Меновное ауылына дейін созылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Серікбаев көшесін Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелімен қоса, айналма жолдан бастап жалғайтын жаңа жол салу туралы меморандумға қол қойылды. Жоба аясында ұзындығы 2,35 шақырымды құрайтын алты жолақты (әр жолақтың ені 3,5 метр) жаңа жол мен көпір өткелі салынады. Бұл магистраль қаланың орталығын сол жағалаумен тікелей байланыстырып, Алматы, Семей және Самар бағыттарына шығуды әлдеқайда жеңілдетпек, - делінген ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпаратында.
Естеріңізге сала кетейік, аталған құрылыс жобасы бойынша меморандум "Lundjian Road and Bridge Co. International Engineering Branch Ltd." компаниясымен инвестициялық форумда бекітілді.
Пікірлер