Ертең Өскемен су электр станциясы (ГЭС) аумағында әскери міндетті азаматтардың қатысуымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әскери дайындық барысында әскери міндеттілер стратегиялық нысанды қорғау және күзету мәселелерін пысықтайды.
Осы ретте қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтап, өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұралады.
Бұл оқу-жаттығулардың мақсаты — әскери міндетті азаматтардың жауынгерлік даярлығын арттыру және өңірдің стратегиялық маңызды нысандарын қорғау жүйесін жетілдіру.
Пікірлер