A+ A A-

talgatzhan 31 8-10-2025, 11:20 0

ШҚО-ға «Шығыс Салбурыны – 2025» алғашқы қонақтары келді

Бүгін / ШҚО

«Шығыс Салбурыны – 2025» V мерейтойлық халықаралық фестивалінің ашылуына санаулы күндер қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгін Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылына Мәскеу мен Венгриядан делегация өкілдері келді. Оларды қазақтың кеңпейілділігі мен ұлы даланың бай мәдениеті қызықтыруда.

- Басты мақсатым — жарыстарға қатысу. Өйткені қазіргі таңда Ресей Федерациясында дәл осындай деңгейдегі және ауқымдағы шаралар жоқ. Бұл — өте маңызды әрі құнды тәжірибе. Қазақтың дәстүрлі бүркітшілік мектебінің тарихы тереңде жатыр. Осы мектепті зерттеу менің құсбегілікпен айналысу және үйрету әдістеріме тың серпін беретініне сенемін, - деді Мәскеуден келген  фестиваль қонағы Александр Малахов.

Еске сала кетейік, биыл фестиваль 8–11 қазан аралығында өтеді. Ол ұлттық мәдениет пен этнотуризм саласындағы ең ауқымды оқиғалардың біріне айналмақ. Фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан сынды көрші мемлекеттерден келген қатысушылар қатысады. Бағдарлама бойынша жылқы жарыстары, этно-шоу, қолөнер көрмелері, концерттер ұйымдастырылмақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив