Әлеуметтік желіде тараған видеоларда білім ордасының төбесінен су ағып, сылақтың оқушылар мен мұғалімдердің үстіне құлап жатқаны көрсетілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл мектеп биыл сәуірде ашылып, заманауи жиһазбен және қажетті құралдармен жабдықталған еді.
Аталған мәселе бойынша Шемонаиха аудандық білім бөлімінің басшысы Эльдос Уябасаров түсініктеме берді:
— Қазір ақауды жою жұмыстарын Семей қаласынан келген «Азия» ЖШС өз мойнына алды. Жұмыстар кепілдік аясында жүргізілуде. Екі корпустың түйіскен жерінде қатты желдің әсерінен су аққан. Кемшіліктер толықтай жөнделеді, — деді ол.
Пікірлер