A+ A A-

talgatzhan 31 8-10-2025, 16:30 0

Алдағы үш жыл бойы зейнетақы өседі

Бүгін / Республика

Қазақстанда 2026-2028 жылдар аралығында зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері кезең-кезеңімен арттырылады. Бұл туралы 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында көрсетілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің жоспарына сәйкес, “Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру” бағыты бойынша шығындар көлемі төмендегідей болады:

- 2026 жылы – 6,83 триллион теңге,
- 2027 жылы – 7,51 триллион теңге,
- 2028 жылы – 8,09 триллион теңге.
Бұл қаражат мына мақсаттарға жұмсалады:

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы әрі толық төлеу;
Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін жүргізу;
Мемлекеттік базалық зейнетақыны төлеу;
Әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу;
1,5 жасқа дейін бала күтімімен отырған ата-аналар үшін зейнетақы жарналарын субсидиялау.
Орташа зейнетақы мөлшері:

- 2026 жылы – 103 687 теңге,
- 2027 жылы – 108 940 теңге,
- 2028 жылы – 113 995 теңге.
- 2026 жылдан бастап Базалық зейнетақы көрсеткіші:

ең төменгі базалық зейнетақы – күнкөріс минимумының 70 пайызы,
ең жоғарғысы – 118 пайызы болады.
Ал 2027 жылдан бастап ең жоғары базалық зейнетақы 120 пайызға жетеді.

Сәйкесінше, орташа базалық зейнетақы мөлшері:

- 2026 жылы – 54 082 теңге,
- 2027 жылы – 58 276 теңге,
- 2028 жылы – 61 527 теңге болады деп жоспарланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив