A+ A A-

talgatzhan 30 8-10-2025, 15:20 0

ШҚО тұрғыны саяси қуғын-сүргін құрбанының баласы ретінде танылды

Бүгін / ШҚО

Глубокое аудандық соты 1937–1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп тану туралы заңдық маңызы бар фактіні белгілеу жөніндегі азаматтың өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, өтініш беруші 1953 жылы ата-анасы Қиыр Шығыстан Қызылорда облысына күштеп қоныс аударылғаннан кейін Өскемен қаласында дүниеге келгенін алға тартқан. Бұл фактіні белгілеу оған арнайы мемлекеттік жәрдемақы алу үшін қажет болған.
Сотқа ұсынылған материалдарда өтініш берушінің әпкесі ата-анасымен бірге арнаулы қоныстануда болғаны көрсетілген. Ал прокуратура әкесіне қатысты мұрағаттық мәліметтердің болмауы туралы анықтама берген.
Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңына сәйкес, саяси қуғын-сүргін құрбандары ретінде КСРО-ның жоғарғы мемлекеттік органдарының шешімдерімен Қазақстанға немесе Қазақстаннан заңсыз күштеп қоныс аударылған азаматтар танылады. Сонымен қатар, осындай қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың балалары да саяси қуғын-сүргін құрбаны мәртебесіне ие бола алады.
— Сотта өтініш берушінің әкесі 1937 жылғы 21 тамыздағы КСРО БК (б)П ОК мен КСРО ХКК-нің қаулысы негізінде Қиыр Шығыс өңірінен Қазақстанға күштеп көшірілгені белгілі болды. Бұл дерек оның еңбек кітапшасындағы жазбалармен де расталған. Аталған заңдық факт жәрдемақы алу құқығын ресімдеу үшін маңызды болғандықтан, сот өтінішті қанағаттандырды. Қазір сот шешімі заңды күшіне енген жоқ, — делінген хабарламада.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив