A+ A A-

talgatzhan 0 8-10-2025, 15:40 0

Риддерге 23 мыңнан астам турист келді

Бүгін / Риддер

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар кеншілер шаһарына жұмыс сапарымен барып, бірқатар туристік нысан мен салынып жатқан инфрақұрылыммен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінде қала аумағында 40-қа жуық туризм нысаны жұмыс істейді. Қазір жаңа қонақ үйлер мен туристік кешендер салу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
– Риддердің ерекше климаты мен тау бедері бұл жерді фрирайд әуесқойлары үшін тартымды етті. Бүгінде қала осы бағыт бойынша тек отандық емес, шетелдік туристер арасында да танымал, – деді Жақсылық Омар.
2024–2025 жылдардағы қысқы туристік маусымда Риддерге 23 мыңнан астам турист келген. Бұл көрсеткіш өңірдің туризм саласындағы әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.
Бұдан бөлек, 2024–2028 жылдарға арналған қаланың экономикалық өсімін қамтамасыз ету жөніндегі жоспар аясында жалпы құны 4,8 миллиард теңгені құрайтын 5 туристік инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар туристік инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірдің тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив