A+ A A-

talgatzhan 30 8-10-2025, 16:00 0

Өскеменде ескі трамвайдан түтін шықты

Бүгін / Өскемен

Бүгін Абай және Шәкәрім даңғылдарының қиылысында келе жатқан ескі трамвайдың төбесінен түтін шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жолаушылар шұғыл түрде трамвайдан түсіріліп, қоғамдық көлік Трамвай паркіне жеткізілді.
Қалалық көлік компаниясы өрт болмағанын, түтіннің шығу себебін мамандардың анықтап жатқанын мәлім етті.
Ақау шыққан трамвай №3 бағыт бойынша жүріп келе жатқан еді. Ол 1980 жылы шығарылған. Қазір қала ішінде осындай 6 трамвай жұмыс істейді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив