A+ A A-

talgatzhan 31 8-10-2025, 17:00 0

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі облыс халқымен кездесті

Бүгін / ШҚО

Бүгін облыс әкімдігінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесіп, бірқатар өзекті мәселені талқылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиында мал және өсімдік шаруашылығын қолдау мен мемлекеттік бағдарламаларға қатысты маңызды сұрақтар қаралды. 
Министрдің сөзінше, уақтылы қаржыландырудың арқасында аймақта егін жинау науқаны ойдағыдай өтті. 
- Бүгін жұмыс сапары бойынша әріптестерімізбен Шығыс Қазақстанға келдік. Алдымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін толғандырған мәселелерге назар аудардық. Өңірде мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқанын талқыладық. Былтыр қарашада қаржыландыру уақтылы басталды. Соның арқасында бүгін оң нәтижесін көріп отырмыз. Жалпы облыста ауыл шаруашылығы бағытындағы жұмыстар ойдағыдай жүріп жатыр. 
Белгілі болғандай, тоғыз айда өңірден экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 343 млн АҚШ долларынан асты.
- Бүгінгі кездесудің мақсаты – агроөнеркәсіптік кешен саласында жүргізіліп жатқан реформалар жөнінде халықты хабардар ету. Шығыс Қазақстанда бұл сала тұрақты түрде дамып келеді. Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде өңірдің үлесі 6%-ды құрайды, - облыс әкімі деді Нұрымбет Сақтағанов.
Бұдан бөлек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив