A+ A A-

talgatzhan 30 8-10-2025, 17:15 0

Өскемендегі Ана мен бала орталығында жасөспірімдерге арналған жеке кабинет ашылды

Бүгін / Өскемен

Арнайы кеңістік жасөспірімдердің өздерін сенімді сезінуі және көмек керек болған жағдайда қайда жүгінуге болатынын білу үшін ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ана мен бала орталығы өкілдерінің айтуынша, жасөспірімдік шақ - тұлға болып қалыптасатын, физикалық және эмоциялық тұрғыдан белсенді дамитын, денсаулыққа, тамақтануға, спорт пен өмір салтына қатысты алғашқы сұрақтар туындайтын ерекше кезең.
Енді жасөспірімдер Өтепов, 37 мекенжайы бойынша орналасқан медициналық мекемедегі №213-кабинетке денсаулық мәселелері бойынша сұрақтармен жүгіне алады.
Бұл жерде жасөспірімдер профилактикалық тексеруден өтіп, денсаулық, дұрыс тамақтану және спорт туралы кеңес ала алады. Сонымен қатар дұрыс әдеттерді қалыптастыру жөнінде дәрігермен ашық сөйлесуге мүмкіндік бар. Қажет болса, уақтылы медициналық көмек алуға да болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив