A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 09:50 0

ШҚО-ға осы жылдың соңына дейін 36 жедел жәрдем көлігі әкелінеді

Бүгін / ШҚО

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір құрал-жабдықтарды алуға қаржы бөлініп, келісімшарттар жасалып жатыр. Бұл көліктер аудандық медициналық ұйымдарға тапсырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл аймақтағы ауруханаларды жабдықтауға 1,57 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады.

Оған 33 дана жоғары технологиялық жабдық сатып алынбақ: сандық маммограф, рентген аппараты, ангиографиялық жүйе, жүрек-өкпе аппараты, компьютерлік томография, УДЗ, наркоз аппараты, бейне эндоскопиялық жүйе. 

Жалпы құны 1,05 млрд теңгеге жетпіс екі аудандық аурухана жабдықталуда. Мәселен, Глубокое ауданына маммография және рентген аппараты, Ұлан, Шемонаиха, Тарбағатай және Катонқарағай аудандарына рентген-флюорографиялық аппарат, Үлкен Нарын ауданына рентген-маммографиялық кешен сатып алынады.

Онкологиялық аурулармен күресудің кешенді жоспары аясында ауруханалар республикалық бюджеттен бөлінген 739,2 млн теңгеге жабдықталуда.

№4 Өскемен қалалық ауруханасы орталықтандырылған медициналық газбен жабдықтау жүйесіне ие болады. Облыстық ауруханаға рентгендік түтік сатып алынды. Облыстық психикалық денсаулық орталығын газ хроматографымен жабдықтауға келісімшарт жасалып, ауруларды емдеу және алдын алу үшін 10 виброакустикалық құрылғы сатып алынды. Олар буын және омыртқа, тыныс алу жолдарының ауруларына, гипертонияға, ұйқының бұзылуына, жарақат пен отадан кейін қалпына келтіруді тездетуге пайдалы.

Айта кетейік, өңірдегі медициналық ұйымдарға жалпы құны 639,1 млн теңгенің құрал-жабдықтары жеткізілді. Қазір ауруханалар 87,5%-ға жабдықталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив