Бұл туралы ШҚО Полиция департментінің өкілдері ескертті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы жалған хабарламалардың жаппай таратылыап жатқаның мәлімдеді.
- Хабарламалар мессенджерлерге немесе электрондық поштаға келуі мүмкін. Онда жеке деректер мен көлік нөмірі көрсетіліп, айыппұлды төлеуге арналған сілтеме жіберілген. Егер 1414-тен осындай хабарлама келсе, ешқандай әрекет жасамаңыз, - делінген ресми ақпаратта.
Сілтеме арқылы өту және банк картасының деректерін енгізу арқылы алаяқтар есепшоттарға қол жеткізе алады. Бұл сілтемелерде құрылғыдан жеке ақпаратты көшіре алатын қауіпті бағдарлама болуы мүмкін.
ШҚО Полиция департаментінің өкілдері ресми айыппұл туралы хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен жіберілетінін ескертеді. Ондай хабарламаларда ешқашан төлем сілтемелері болмайды. Көлік иелеріне ақпаратты тек egov.kz, qamqor.gov.kz және банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге кеңес беріледі.
Пікірлер