A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 13:15 0

Қазақстан азаматтары қай елдерге жұмысқа тұруға жиі барады

Бүгін / Республика

Қазір шетелге жұмысқа шыққан Қазақстан азаматтарының саны 120 мыңнан асты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, шетелде 126 мың адам жұмыс істеп жүр. Оның 102 мыңы Ресей Федерациясында, 15 мыңы Оңтүстік Кореяда, 2 мыңға жуығы Ұлыбритания мен Еуропа одағы елдерінде, - деді Асқарбек Ертаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан басқа елдермен ресми жұмыспен қамту саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр. Осы орайда Еуропа елдерімен және Оңтүстік Кореямен келісімдерге қол қою жоспары бар.

- Дегенмен көп елмен мұндай келісімдер жасалмаған. Мәселен, Еуропа одағы елдерімен тиісті құжатты бекітуді жоспарлап отырмыз. Көші-қон саясаты тұжырымдамасы аясында қазақстандықтар жұмысқа орналасу үшін жиі баратын елдерді қамтуға бағытталған шаралар нақты көрсетілген, - деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив