A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 15:10 0

Автокөлік әуесқойлары интернет-алаяқтардың нысанасына айналды

Бүгін / Өзге

Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды әлемде қарқын алып жатқан жаңа киберқауіп туралы ескертеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шетелдік дереккөздерге сәйкес («Department of Motor Vehicles» (АҚШ), «Комсомольская правда», «Аргументы и Факты») зиянкестер Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалған қаулыларды жаппай жіберіп жатыр. 

Хаттар мен хабарламалар электрондық пошта мен мессенджерлерге жіберіледі және жүргізуші, көлік нөмірі туралы деректерді және «айыппұл төлеуге» сілтемені қамтиды. Шын мәнінде, бұл - фишингтік шабуыл. Банк картасының деректерін енгізген кезде сіздің шотыңызға толық қол жеткізіледі және барлық қаражатты ұрлау мүмкін. Жекелеген жағдайларда сілтемеде құрылғыдан жеке деректерді ұрлауға арналған вирусты қамтиды. Бүгінде шабуылдар Ресей мен АҚШ-та тіркелген, сондықтан мұндай схеманың Қазақстанда таралу қаупі бар. 

Әкімшілік айыппұл салу туралы ресми хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келіп түседі және төлем сілтемелерін қамтымайды. Салынған айыппұлдар туралы ақпарат egov.kz арқылы банктердің мобильді қосымшаларына да берілетінін естеріңізге саламыз. 

Егер сіз 1414 нөмірінен айыппұл туралы хабарлама алсаңыз және онда төлем сілтемесі болса, ол бойынша өтпеңіз! Бұл - алдау! Мұндай хабарламаларды алаяқтар жібереді! 

Ұсынамыз: 

- сілтемелер арқылы өтпеңіз және күмән тудыратын хаттардың тіркемелерін ашпаңыз; 

- айыппұлдар туралы ақпаратты тек egov.kz, qamqor.gov.kz ресми ресурстарында және банктердің мобильді қосымшаларында қайта тексеріңіз. 

Егер сіз сілтеме арқылы өтіп, деректерді енгізген болсаңыз: 

- банк картасын шұғыл бұғаттаңыз; 

- ықтимал алаяқтық фактісі туралы банкке және полицияға 102 телефоны арқылы хабарлаңыз; 

- құрылғыны вирустың бар-жоғына тексеріңіз. 

Сақ болыңыз. Жақындарыңызды ескертіңіз. Алаяқтарға мүмкіндік бермеңіз!

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив