Абай облысында Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесі арқылы қарсы қозғалыс жолағына шығудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес биылғы жылдың басынан бері аталған бақылау арқылы қарсы жолаққа шығудың 123 жағдайы анықталып, жолы кесілді.
- Жол жүрісінің қарсы бағытына шығу — жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып саналады және бұл жол-көлік оқиғаларына әкеп соғуы мүмкін. Абай облысының Полиция департаменті қарсы жолаққа шығудың салдарын ескере отырып, жүргізушілермен тұрақты түрде алдын алу шараларын, рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Облыс жолдарына орнатылған бейнебақылау камералары тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл жүйе ереже бұзушылықтарды азайтуға, жолдағы тәртіпті арттыруға және барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі, — деп түсіндірді департамент.
Абай облысы Полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздікке мұқият болуға шақырады.
- Есіңізде болсын: қауіпсіздік — бұл әрқайсымыздың жауапкершілігіміз және бүкіл қоғамның ортақ ісі. Қарсы жолаққа шығу — ауыр салдарға алып келуі мүмкін қауіпті құқық бұзушылық. Жолда біз тек өзіміз үшін емес, басқа жүргізушілер мен жолаушылар үшін де жауаптымыз. Ережелерді сақтау — бәріміздің өміріміз бен денсаулығымызды қорғаудың кепілі, — деп ескертті облыстық ПД.
Пікірлер