A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 17:00 0

Қазақстандықтар несиені көбірек ала бастады

Бүгін / Республика

Қазақстандықтар өткен жылмен салыстырғанда несиені жиі ала бастаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша халыққа берілген кредиттердің жалпы көлемі 22,7 трлн теңгені құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 3,1%-ға артық. 2025 жылдың басынан бері өсім 14,7%-ды құрады.

Халыққа берілетін кредиттер құрылымында тұтынушылық қарыздар 2,1%-ға өсіп, ол 16,0 трлн теңгеге жетті.

Ипотекалық қарыздар тамыз айында 2,5%-ға өсіп, 6,6 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері өсім 9%-ды құрады. Оның ішінде нарықтық шарттармен берілген ипотекалық кредиттердің көлемі 3,8%-ға ұлғайып, 2,1 трлн теңгеге жетті.

2025 жылғы тамызда халыққа берілген жаңа қарыздар 1,8 трлн теңгені құрады. Яғни, 2025 жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 12,9 трлн теңгеге жетті. Бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,1%- ға көп, – делінген ҚҚҚА хабарламасында.

Тамыз айында халыққа теңгемен берілген несиелер бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі 19,3%-ды құрады.
Несие түрлері бойынша мөлшерлемелер келесідей бөлінді:

2025 жылғы тамызда халыққа ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,3%-ды құрады.

теңгемен ипотека – 8,6%;

тұтынушылық кредиттер – 21,5%.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив