A+ A A-

talgatzhan 29 Кеше, 16:40 0

ШҚО-да 13 қазаннан бастап ТҮКШ қызметкерлеріне арналған жеңілдетілген ипотекаға өтініш қабылдау басталды

Бүгін / ШҚО

Жеңілдетілген ипотеканың операторы – «Отбасы банк» АҚ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ипотекалық несие беру бағдарламасы жылу және сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері мен табиғи монополия субъектілеріне арналған.
Несие беру шарттары:
    • бастапқы жарна — 10%;
    • сыйақы мөлшерлемесі — 6%;
    • несие мерзімі — 19 жылға дейін;
    • несие мақсаты — алғашқы немесе екінші нарықтан тұрғын үй сатып алу;
    • үміткерлердің еңбек өтілі — бір жылдан артық болуы қажет;
    • соңғы бес жылда меншігінде тұрғын үй болмауы тиіс.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 13 қазаннан 24 қазанға дейін.
Өтініш қабылдау мекенжайы: Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, 2 қабат.
Байланыс: Гүлназ Бауыржанова.
Анықтама телефондары: 8 (7232) 701-235, 8-705-281-19-00.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив