ШҚО Полиция департаменті есірткіге қатысты 225 құқықбұзушылықты анықтап, 590 келіден асатын әртүрлі есірткі заты, соның ішінде 3 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс аумағына есірткі жеткізген 4 ірі арна әшкереленіп, тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған 11 фитолаборатория жойылды.
Есірткіні жарнамалаумен және насихаттаумен айналысқан 700 интернет-ресурс бұғатталды.
- ІІМ жариялаған «Профилактика жылы» аясында жастар арасында есірткіге тәуелділіктің және қылмыстың алдын алу мақсатында 450-ден астам іс-шара өткізілді. Полиция қызметкерлері азаматтармен ашық диалог алаңдарында тұрақты түрде кездесіп, есірткінің заңсыз айналымы үшін жауапкершілікке қатысты заңнамалық өзгерістерді түсіндіруде. Өңірде есірткі қылмысына қарсы жұмыстар жалғасуда, - делінген ресми ақпаратта.
Пікірлер