Өскеменде ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және құтқару техникасын таныстыру мақсатында оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығы мен Құтқарушылар күні қарсаңында ұйымдастырылды. Құтқарушылар қуатты сорғылармен және заманауи жабдықтармен жарақтанған жаңа автосуарғыштарды көрсетті. Сондай-ақ «Vario» өрт сөндіру қондырғысы мен «Toyota Hilux» базасындағы жедел әрекет ету автокөлігі таныстырылды.
Оқу-жаттығу барысында шартты өрт кезінде тұрғындарды эвакуациялау, медициналық көмек көрсету және жаңа техниканың мүмкіндіктері іс жүзінде пысықталды.
Пікірлер