A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 17:30 0

ШҚО жастары енді Францияда білім ала алады

Бүгін / ШҚО

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге қатысқан кездесу өтті, деп хабалайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар атом энергетикасы саласы үшін мамандар даярлау жөніндегі ынтымақтастық туралы ресми құжатқа қол қойды. Бұл сала Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы бар бағыттардың бірі.
Меморандумда атом электр станцияларында жұмыс істеуге қажетті инженерлік және ғылыми құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын дамытуға ерекше назар аударылған. Сонымен қатар, құжат студенттердің академиялық ұтқырлығын, оқытушылардың тағылымдамаларын және халықаралық білім беру мен зерттеу жобаларына қатысуды қарастырады. Бұл бастама Шығыс Қазақстан жастарына жаңа мүмкіндіктер ашады Францияда білім алып, Еуропаның жетекші ғылыми және технологиялық орталықтарында тәжірибеден өтуге жол ашады.
Amanzholov University ректоры Мұхтар Төлеген атап өткендей, Франциямен әріптестік Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық энергетиканы дамыту және таза технологияларды енгізу жөніндегі стратегиялық бағытымен толық үндеседі.
Президентіміз бірнеше рет болашақ атом нысандары үшін ұлттық кадрлар даярлау қажеттігін атап өтті. Бүгін біз осы бағытта нақты қадам жасап отырмыз. Яғни, еліміздің инженерлік және ғылыми әлеуетінің берік негізін қалыптастырудамыз, деді университет басшысы.
Француз тарапы да атом энергетикасы саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді.
Біз Amanzholov University дәстүр мен инновацияны үйлестіріп, халықаралық көзқарас қалыптастырған оқу орны екенін көреміз. Бұл оны ұзақ мерзімді әрі тиімді ынтымақтастыққа лайық сенімді серіктес етеді, деп атап өтті елші Сильван Гиоге.
Айта кетейік, Франция Еуропадағы атом энергетикасының жетекші елдерінің бірі. Бұл сала елдің жалпы энергетикалық балансындағы 70 пайыздан астам үлесті құрайды. Ал уран қоры мол әрі ядролық зерттеулерді дамытып келе жатқан Қазақстан үшін мұндай серіктестік ерекше мәнге ие.
Білім мен ғылым саласындағы жаңа ынтымақтастық екі ел арасындағы кең ауқымды диалогтың маңызды бөлігіне айналады. Бұл диалог энергетика, экология және тұрақты даму мәселелерін қамти отырып, Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтпақ.

Фото: ШҚУ баспасөз қызметінен

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив