A+ A A-

talgatzhan 33 10-10-2025, 09:35 0

Үлкен Нарын ауданында «Дәстүрді сақтау» фестивалі өтті

Бүгін / Үлкен Нарын

ШҚО Ішкі саясат басқармасының тапсырысы негізінде ШҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның қатысуымен «Дәстүрді сақтау» фестивалі мен аудан әкімі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі кеңес отырысы өтті. Іс-шараны «Тәуелсіз зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді насихаттау, отбасы институтының беделін нығайту.

Іс-шараға облыстық комиссияның жетекші өкілдері, ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, ШҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы Альмира Жұмабаева, «Көз микрохирургиясы клиникасы» ЖШС директоры, облыстың бас офтальмологы, облыс әкімінің гендерлік даму және отбасы мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, ШҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі Зарина Камасова, аудандық кеңес мүшелері, қоғамдық ұйымдар қатысты. 

Сондай-ақ Үлкен Нарын ауданының әкімі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі кеңес мүшелері, қоғамдық кеңес, аналар кеңесі және аудан активі қатысты.

Күн тәртібінде бірқатар мәселе қаралды. Атап айтқанда, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру және әлеуметтік қолдау көрсетудің жүзеге асырылуы, келешек ұрпақтың денсаулығын жақсарту үшін медицинадағы жаңа бағыттары. 

Көшпелі отырыс барысында «Дәстүрді сақтау» фестивалі өтті. Онда ұлттық дәстүрлер, отбасылық рәсімдер және қолөнер шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Сондай-ақ жас отбасыларға арналған тренингте психологиялық қолдау, отбасылық қатынастарды нығайту және демографиялық саясат мәселелері талқыланды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив