«Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» облыстық тасжолында 100 шаршы метрлік төртінші дәретхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ерлер мен әйелдерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған заманауи және жылы дәретханада жуынатын бөлме, ана мен бала бөлмесі, намазхана, қызметкерлерге арналған бөлме қарастырылған. Саяхатшыларға ыңғайлы сауда алаңы да бар.
Мұндай гигиеналық тораптарды орнату Шығыс Қазақстанның көрікті жерлеріне келетін тұрғындар мен туристер үшін жол инфрақұрылымының жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Пікірлер