A+ A A-

talgatzhan 30 10-10-2025, 10:30 0

«Шығыс салбурынын» тамашалаймын деушілерге Өскеменнен автобус шығарылады

Бүгін / ШҚО

11 қазан күні Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылында «Шығыс салбурыны - 2025» халықаралық фестивалінің финалы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Бүркіт төбе» алаңындағы 20-дан астам киіз үйден тұратын этноауылда шеберлік сабақтары, қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылады. Сондай-ақ меймандар әлемнің түкпір-түкпірінен келген бүркітшілердің сайысын тамашалай алады.

- Фестивальге «Өскемен-Бозанбай-Бәйгетөбе» бағыты бойынша «ADAL» автобекетінен шығатын автобус арқылы жетуге болады. Қоғамдық көлік жолға сағат 08:00-де шығады, кері қайту уақыты - сағат 16:00. Автобус «Эмилия», «Өзен вокзалы», «Fresh Market», «Сәтпаев», «Сол жағалау полиция бөлімі (жатақхана)» және «20 шағын аудан» аялдамаларына тоқтайды, - делінген Ұлан ауданы әкімдігінің ақпаратында. 

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, жол жүру ақысы - 1000 теңге. Фестивальге қатысуға ниет білдіргендер саны көп болса, бірнеше рейс ұйымдастырылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив