10–12 қазан аралығында облыс аумағында республикалық «Тасымалдаушы» жедел алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның мақсаты - жолаушы тасымалдау қызметін бақылауды қамтамасыз ету және такси қызметі бойынша жол-көлік оқиғаларының санын азайту.
Ресми мәліметке сүйенсек, осы жылдың алғашқы 9 айында қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен 54 жол апаты тіркеліп, 60-тан астам адам зардап шеккен.
Жедел алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлері жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерінің сақталуын тексеріп, техникалық тұрғыдан ақауы бар көліктердің, соның ішінде оң жақ рөлді автокөліктердің такси ретінде пайдаланылуын анықтайды.
Пікірлер